home1 map1 Кері байланыс
bazelevs astana

Астана

Орта азиялық феномен

      Астана - әлем бойынша ең жас астана, сонымен қатар, республиканың саяси-әкімшілік, іскер және мәдени орталығы болып табылады. Астанада барлық өкіметтік ұйымдар мен дипломатиялық елшіліктер, көптеген шет елдік мекемелер орналасқан.


      Президент Н Назарбаевтың ұсынысын барша халық қолдап , 1997 жылы Қазақстанның елордасы Астана қаласы танылды. Астана қаласының геосаяси орналасуы, коммуникациялық даму мен көліктік инфраструктурасы мен шалғайда жатқан бос жерлер бұл шешімді қабылдауда негізгі ықпал етті. Шапшаң құрылыстың жүргізілуі мен жалпы халықтық қолдау нәтижесінде 10 жылдың ішінде жазық далада Қазақстанның қайталанбас келбетті, заманауи қаланың бой көтеруі таңғажайып жайт.


      Астана қаласының жылдам дамуының дәлелі ретінде қазіргі уақытта қала тұрғындарының саны 700 мыңға жетуі, жыл сайын Астана тұрғыны жоғарғы статусына 40 мыңға дейін адам немесе жалпы есеппен алғанда 6 пайызға жуық тұрғын ие. Осы жағдай есепке ала отырып, қаланың миграциялық көрсеткіші не бары 0,3 пайыз екенін атап өткен жөн.
Жалпы әлемдік тәжіребиеде ірі қалалардағы миграциялық өсу қарқыны әдетте 2 пайыздан да аспайды. Мысалға, Париж бен Нью-Йоркте өсу қарқыны жылына 0,4 пайыздан 0,6 пайызға дейін жетсе, Шанхай мен Калькуттада 1,4 пайыздан 1,8 пайыз.

 

«Ақ Орда». Қазақстан Республикасы президентінің резиденциясы Бәйтерек монументі «КазМунайГаз» ҰК АҚ ғимараты

      Астананың сапалы әрі аумақты дамуы ең алдымен шығыстық дәстүрлер мен беделді батыстық сәулетші қиялдарының шарықтауы, қаланың сәулеттік келбетімен тығыз байланысты. Қаланың бас жоспары елбасы Н. Назарбаевтың жобасымен атақты жапон сәулетшісі Кише Курокаваның өнері арқылы қалаға евразиялық келбет келтіре отырып, іске асты. Бейбітшілік пен келісім сарайының және «Хан шатыры» ғимараттарының бірегей сәулеттік жобалары итальяндық Манфреди Николетти өнерпаздың қиялынан туған.

      Елдің бас қаласы Астананның символы «Бәйтерек» мұнарасы. Бұл ғимарат қаланың дәл ортасында орналасқан және оның әр құрылымы өзіндік нышандармен айғақталған. Дәл ортасында орналасқан алтын күннің биіктігі 97 метр, және ішкі құрылымы да үш бөлікке бөлінген. Және оның әр қайсысының өз мағынасы бар. 97 саны ол елорданың Алматы қаласынан Астана қаласына ауысқан жылды белгілейді.


      Екінші ерекше ғимарат Бейбітшілік және келісім сарайы пирамида іспетті. Бұл ғимарат 2006 жылы бой көтерді және Қазақстанның сәулеттік мақтаныштары жайындағы кітапта алтын әріптермен жазылған. Оның жалпы аумағы – 25,5 мың шаршы метр. Пирамиданың негізгі бөлігінде 1,5 мың орын опера залы орналасқан. Бейбітшілік және келісім сарайында көптеген әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының жиындары мен кездесулері өтеді.


      «Хан шатыр» сауда ойын-сауық кешені бейбітшілік пен келісім сарайының заманауи техникалық тізбегін ерекше Батыс елдерінде кездеспейтін шешімдерімен жалғасын тапқан. Биіктігі 200 м. жететін бұл құрылым қаланың басты сәулет өнеріне айналды. Оның сыртқы құрылымы майда торлы шатырдан жасалып, ETFE – фторполимер құрылыстық сайман түрімен өңделген. Бұл құрылыс  жабдығының  ерекшелігі –күн сәулесінен және ішкі бөлмені  суық пен  ыстықтан қорғайды.


      Тағы да қаланың мақтанышы ол «Қазақстан Атамекенінің картасы» атты этнографиялық саябақ.. Бұл саябақ Қазақстанның барлық қалаларының макеті мен Қазақстанның тарихи ескерткіштердің жиынтық көшірмесі жинақталған ашық аспандағы мұражай ретінде көпшіліктің сүйікті демалу орнына айналды. Сонымен қатар, Астанада орта Азиядағы жалғыз океанариум бар.

«Астана Триумфі» тұрғын үй кешені Министрліктер үйі Бейбітшілік және келісім сарайы

     Үлкен фестивальдар  мен опералық  концерттер  кинокөрсетілімдер  Астана  қаласының 3500 орыны бар  «Қазақстан»  орталық киноконцерт залында өтеді. Бұл ғимарат итальян сәулетшісі Манфреди Николеттидің жобасы бойынша жүзеге асты. Сәулетшінің қиялынан туған бұл ғимараттың өзіндік ерекшелігі жылжымалы төбе болып табылады. Соның арқасында концерттік холл залдағы әуенге байланысты опера немесе симфоникалық концерт болса, көлемін өзгерту мүмкіндігіне ие болады.


СОСО «Хан Шатыр»

       Хан Шатыр ірі ойын-сауық орталығы. Орталықтың өзгеше сәулеттік идеясының авторы Норман Фостер.

       «Хан Шатыр» Forbes Style журналының экологиялық ғимараттар нұсқасы бойынша әлемдегі үздік он құрылыстың қатарына кірді және журналдың хит-парад көшін бастап ТМД елдері арасындағы бірегей озақ нысан деп аталды.


      Бүгінгі күннің жоспарында жеңіл рельсті трамвай жолы мен зообақ, ботаникалық саябақтың құрылысы жүзеге аспақ. 2010 жылдың қыркүйек айында білім берудің әлемдік деңгейіне сай келетін Астананың жаңа университеті ашылмақ. Жыл сайын қалада түрлі халықаралық көрмелер мен музыкалық шаралар және көптеген фестивальдар ұйымдастырылып жатады. Мәдени қала Астананың төрінде Ұлттық опера және балет театры, орыс драма театры, Қазақ музыка драма театры, және көптеген мұражайлар қашанда келемдеушілерге есіктерін айқара ашады. Осының барлығы бұрыңғы қала мен жаңа қала келбетін бір арнаға ұштастырады.


      2009 жылы Астанада БҰҰ Бас ассамблеяның Бүкіләлемдік Туристік XVIII сессиясы өтті. Шығыс Европа мен Орта Азия елдері бойынша бұл үлкен әлемдік деңгейдегі туристік форумды өткізу Астана қаласына бұйырды.
Қазақстанның әлемдік беделі мен абыройының арқасында 2010 жылы Европадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымына төрағалық ету мүмкіндігі туды. ЕҚЫҰ мүше елдердің көпшілігі Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2010 жылдың күзінде ЕҚЫҰ Саммитін Астанада өткізу ұсынысын қабылдады. Себебі, 1999 жылы  ЕҚЫҰ Саммиті Астана қаласында өткізілген болатын.


      1999 жылдың шілде айында қала Юнесконың «Әлемдік қала» жүлдесіне ие болды.
XXI ғасырда сірә, қарқынды жылдамдықпен дамып көркейген қала жоқ шығар? Сол себептен Астананы «орталық Азия феномені» деп атаған  бекер емес.

Президент Н Назарбаевтың  ұсынысын барша халық қолдап , 1997 жылы Қазақстанның  елордасы  Астана қаласы танылды.