home1 map1 Кері байланыс
bazelevs astana

Құттықтау сөз

Астана қаласының әкімі И.Н. Тасмағамбетовтің Екінші халықаралық «Astana» экшн-фильмдер кинофестиваліне қатысушыларын құттықтау сөзі

Құрметті кинофестивальге қатысушылар мен меймандар!

 tasm     Еуразия құрлығының кіндігіне, Қазақстанның жас елордасы – Астана қаласына қош келіпсіздер! 

     Біз Сіздерді кинофорумдар тарихының бетін ашатын осы бір шарада шын жүректен қарсы аламыз. Екінші рет экшн-фильмдер жанры халықаралық «Astana» экшн-фильмдер кинофестивалі арқылы өзінің шығармашылық форматына ие болуда.

     Экшн-жанр алуан қырлы. Онда тарихтың тереңі де, сондай-ақ әлемнің футуристік бейнесі де өз көрінісін табады. Кино өнерінің ең көрнекті сегменті болғандықтан, экшн-фильмдер технологиялық инновацияларымен, сюжеттерінің динамикасымен және идеялардың жасампаздығымен ерекшеленеді. Бұл тұрғыдан олар біздің елордамыздың бірегей келбетімен қисынды үйлеседі.  
Оның үстіне, осы жарқын шара кино өнеріне табынушылар үшін ұмытылмас сезімдердің, қайталанбас бейнелер мен шығармашылық жаңашылықтардың әлемін ашады. Осы келелі кинофестивальге қызығушылық оның біздің елордамыздың және еліміздің мәдени өміріндегі неғұрлым маңызды әрі күтістегі оқиға болып табылатынын көрсетеді.

     Біз Қазақстан мен оның жас елордасының әлемдік киноиндустрия үшін жаңа шығармашылық идеялар, бірегей тұлғалар мен ұмытылмас табиғи ландшафттар тұрғысынан ашылатынына сенімдіміз. Өз кезегінде «Astana» экшн-фильмдер фестивалі гуманитарлық және мәдени сұхбатты одан әрі дамытуға серпін беретін дәстүрлі кездесу орынына айналмақ.

     Фестивальге қатысушыларына ризашылығымды әрі құрметімді білдіре отыра оларға табыстар мен аманшылық тілегім келеді.


Астана қаласының Әкімі  Иманғали Тасмағамбетов

 

 

 


Т.H. Бекмамбетовтің Екінші халықаралық «Astana» экшн-фильмдер кинофестиваліне қатысушыларға құттықтау сөзі

Достар!


timur       Екінші Халықаралық экшн-фильмдерінің Astana фестиваліне қош келдіңіздер!
Жақын арада біз үшін қиял мен арман болған үлкен жоба бүгін Қазақстанның елордасы Астана қаласы күні қарсаңында әлем кинематографистерінің Астана қаласының тұрғындарына жасаған үлкен сый ретінде өтіп отырғандығы - ерекше қуанышты жайт.

       Кино саласын дәріптеу жайында әңгіме қозғағанда авторлық кино, детектив жанрындағы фильмдер фестивалдерінің жетіп артылатынын байқадық, ал экшн жанрындағы фильмдердің фестивалі жоқтың қасы. Ойымызды Астана қаласының әкімшілігі қолдады. Осы орайда Иманғали Тасмағамбетовке айтар алғысымыз шексіз, себебі дәл осы кісінің қолдауымен ойымыз жүзеге асты.

       Біздің мақсатымыз Қазақстанда жарқын әрі заманауи кино мерекесін өткізу болды. Көрермендеріміз сюжеттері серпінді дамитын жақсы фильмдердің көрсетілімін тамашаласа, қонақтарымыз қызыл кілем үстімен жүріп өтетін, сүйікті кино жұлдыздарын көріп, әлемнің кинематографиялық астаналарында болатын фестиваль өмірінің тұңғиығына еніп, бар қызықты өздерінің тамашалағандарын қаладық.

       Фестивальдің ресми бағдарламасы АҚШ, Еуропа, Азия және ТМД елдерінің байқаудан тыс 20 шақты  толықметражды көркем фильмдерінің көрсетілімінен құралады.  Сонымен қатар, түрлі елдердің кинематографистерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер мен шеберлік сабақтар өтеді. Бұл фестиваль қарым-қатынас алаңына айналып қана қоймай, Қазақстаннан тыс елдерде болашақ серіктестіктер мен инвесторларды тартудың орталығына айналады деп сенеміз. Осы іспетті ауқымды фестивальдерді өткізудің арқасында қазақстандықтар әлем бойынша жаңа фильмдердің алғашқы көрермендері ғана болып қоймай,  сонымен қатар, дүние жүзіне туған елі мен жерін, ұлттық кинематографиямызды паш етіп, жергілікті фильмдер дистрибуциясының мүмкіндігін жария етуге қол жеткізеді.

Тимур Бекмамбетов