home1 map1 Кері байланыс
bazelevs astana

Пресс релиздер 2010 жыл

Пост релиз

2010 жылғы 1 шілдеде Астанада «ASTANA» Халықаралық экшн-фильмдер кинофестивалі аяқталды. 

Кинофестивальдің бастапқы шарасы 2010 жылғы 27 маусымда «Қазақстан» ОКЗ конференц-залында  ұйымдастырушылармен баспасөз-конференция өткізілді. Журналисттер кинофестиваль Президенті, танымал режиссер және продюсер Тимур Бекмамбетовке, William Morris Agency WME агенттігінің продюсері, кинофестиваль идеясының ортақ авторы Майк Симпсонға және кинофестивальдің Бас директоры Ирен Ванидовскаяға өзінің сауалдарын қойды. Сонымен қатар, баспасөз конференциясына Кинофестивальдің Бас серіктесі болып табылатын "Казкоммерцбанк" АҚ PR-департамент Директоры Лариса Коковинец қатысты. 2010 жылғы 28 маусымда Miramax Film компаниясының негізін қалаушы, танымал продюсер Харви Вайнштейннің және кинофестиваль Президенті Тимур Бекмамбетовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

→ Толығырақ: Пост релиз

 

Гарет Эдвардс, Баспасөз релизi 01.07.2010

      1 шілде күні сағат 10:00-де Бірінші Халықаралық «ASTANA» экшн-фильмдер кинофестивалінің шеңберінде «Қазақстан» Орталық концерт залында британ режиссері Гарэт Эдвардсттың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. Битан режиссері көпшілікке өзінің соңғы туындысы -  «Құбыжықтар» фильмін ұсынады.

      Фильмнің сюжттік желісі NASA спутнигінің жер бетіне, дәлірек айтқанда, Орталық Америкаға құлап, Мексика аймағы жабық ауданға айналған уақыттан алты жыл өткен кезеңді бейнелеуден бастау алады. Оқиға желісі туристті жұқпалы аудан арқылы АҚШ-тың қауіпсіз аймағына шығарып салуға келіскен американ тілшісінің іс-әрекетімен шиелінісе түседі.

→ Толығырақ: Гарет Эдвардс, Баспасөз релизi 01.07.2010

 

Дольф Лундгрен, пресс-релиз 30.06.2010

      30 маусым күні сағат  10.00-де Бірінші Халықаралық «ASTANA» экшн-фильмдер кинофестивалінің шеңберінде «Қазақстан» Орталық концерт залында актер және режиссер Дольф Лунгдгреннің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

      Экшн-фильмдер жұлдызы Дольф Лундгрен бала кезінен химик-инжинер болуды армандады.Мектепті бітіргеннен кейін Ханс (оның шын аты) Стокгольмдегі Корольдың Технология университетіне оқуға түсті. Кейіннен Австралияда бір жыл білім лып, Массачусетс Технология Университетінің грантын жеңіп алды. Бірақ Бостонға соғұрлым жете алмай, доктролық  ғылыми атақ сол бойы арман болып қала берді.

→ Толығырақ: Дольф Лундгрен, пресс-релиз 30.06.2010

 

Хилари Суонк, Баспасөз релиз 29.06.2010

     29 маусым күні сағат 10:00-де Бірінші Халықаралық «ASTANA» экшн-фильмдер кинофестивалінің шеңберінде «Қазақстан» Орталық концерт залында американ актрисасы, «Оскар» жүлдесінің екі мәрте иегерінің қатысуымен баспасөз конференция өтеді.

      Хилари Суонк алғаш рет сахнаға тоғыз жасында мектеп «Джунгли кітабы» шығармасының желісіміне қойылған мектеп қойылымында Маули рөлінде ойнап, өнер көрсетті. Содан кейін ол көпген мектеп, университет спектаклдерінде өнерін шыңдай түседі. Кейіннен анасымен бірге Лос-Анжелес қаласына қоныс аударады. Осы жерде оның шеберлігі биіктей түседі. Үлкен рөлдерді алмас бұрын Хилари Суонк телевизиялық шоуларды кішкентай образдарды сомдаумен болды. Ал 1994 жылы «Келесі картист жігіт» фильмінде үлкен рөл бұйырғаннан кейін, оны төрт жыл уақыттан кейін ғана «Беверли-Хиллз, 90210» атты белгілі жастар телехикаясына жалғыз басты ананың образын сомдау үшін шақырады.

→ Толығырақ: Хилари Суонк, Баспасөз релиз 29.06.2010

 

Ву-Пин Юэнь, Баспасөз-релизі 29.06.2010

 

      29  маусымда сағат  15.30  Бірінші Халықаралық  «ASTANA»   action-фильмдер фестивалі шеңберінде  «Қазақстан» ОКЗ қытайлық режиссер, «Матрица» фильмінің жауынгерлік көріністердің қоюшысы Ву-Пин Юэньмен баспасөз-конференциясы өтеді.

      Ву-Пин Юэньның болашақ  мамандығығын таңдауда және тұлға ретінде қалыптасуына үлкен ықпал жасаған оның әкесі - Қытай операсының актеры Сиу Тиен Юэнь. Ұлын кунг-фуға үйретіп, оны Қытай операсы театрына алып келген де әкесі.  Қытай операсында Ю Цзинъюаньның басқаруымен  жас режиссер Джеки Чанмен бірге дәріс алады.  Сонымен қатар Ву-Пин Юэнь   «Хуан Фэйхун» хикаясының түсіру алаңына  келіп, осы жерде кино әлеміне аттаған алғашқы қадамдары  басталады

→ Толығырақ: Ву-Пин Юэнь, Баспасөз-релизі 29.06.2010

 

Майк Та́йсон, Бапасөз релизi 28.06.2010

      28 маусым күні сағат 10:00-де Бірінші Халықаралық «ASTANA» экшн-фильмдер кинофестивалінің шеңберінде «Қазақстан» Орталық концерт залында Майк Тайсонның қатысуымен баспасөз конференция өтеді. Бұл шарада ол өзінің өмірбаяндық «Тайсон» фильмін таныстырады.

      Майк Тайсон - аты аңызға айналған кәсіби америка боксшысы. Ауыр категориядағы әлемнің бұрыңғы абсолютті чемпионы. Бүгінгі күнге дейін ешкім қол жеткізе алмаған, бірнеше әлемдік рекордттардың иегері. Ауыр салмақтағы WBC (1986—1990, 1996), WBA (1987—1990, 1996) и IBF (1987—1990) әлемнің ең жас (20 жаста) чемпионы, әлемнің ауыр салмақтағы ең жас абсолютті чимпионы (21 жас),

→ Толығырақ: Майк Та́йсон, Бапасөз релизi 28.06.2010

 

Баспасөз-релиз, "Близкий враг" кинофильмі

Кинофильм «Близкий враг»
АНО «Ангел-Фильм», Monumental Pictures

      «Близкий враг» фильмінде әңгімеленген оқиға кішкентай Полина ішімдікке бір табан жақын анасымен өмір сүреді, ол көшеде билеп, өзінің күнін өзі көрумен басталады.  Кейін анасы қайтыс болады, ал жергілікті мафия королі – Захар Полинаны өзінің тәрбиесіне алады. Захар қызды өзінің үйінде тәрбиелеп-өсіріп, оны қамқорлық пен махабатқа бөлейді, бір күні Полина – оның асырап алған әкесі – «заңды ұры» екендігін біледі. Бірақ, ол оның қайырымды махабаты үшін оны жақсы көруін тоқтатпайды. Жылдар өтіп қатайған Полинаның - өмірінің жалғыз бала махаббаты - Олег келгенде бәрі өзгереді

→ Толығырақ: Баспасөз-релиз, "Близкий враг" кинофильмі

 

Харви Вайнштейн, баспасөз-релиз 28.06.2010

28 маусымда сағат 12.00 алғашқы «ASTANA» Халықаралық action-фильмдер кинофестивалі аясында «Қазақстан» ОКЗ  продюсер Харви  Вайнштейнмен «Шанхай» фильмінің ашылуына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Харви Вайнштейн университетті тәмамдаған соң продюссер қызметін атқарды. 70-жылдары ағайынды Боб және Корки  Бургермен  рок-концерттерді ұйымдастыруға маманданған «Harvey & Corky Productions»  лейблді құрды. Дегенмен, Харви мен  Бобтың нағыз құмарлығы кинематограф болды. Сондықтан, табыс тапқан ағайындылар «Miramax» студиясын құрып, Пол  МакКартнидің «Rockshow» сияқты музыкалық фильмдерді продюсерлеуге көшті.

 

Келесі баспалдақ  арт-хаустық жобаларды продюсерлеу және прокатқа шығару болды. Олар  сыншылардың және арбаған көрермендердің назарын аудартты, бірақ коммерциялық жетістікті қамтамасыз ете алмады. Дегенмен, 1988 жылы студия әділетсіз өлім жазасына кесілген Рэндолл Адамс жайындағы Эррол Морристің «The Thin Blue Line» деректі фильмін шығарды. Картина  қоғамдық  диссонанс жасады,  Адамс ақталды,  ал «Miramax» жайында барлық Америка шулады. Содербергтің «Sex, Lies, and Videotape» лентасы шыққаннан кейін 1989 жылы Вайнштейн ағайындылар компаниясы АҚШ-тағы ең сәтті тәуелсіз студия атанды.

1993 жылы  «Walt Disney»  компаниясының бақылау  акциялар пакеті  75 млн. долларға сатылды. Харви  мен  Боб  студияның ортақ иелері және басшылары болып қалды. Осыдан кейін «Miramax» компаниясы Тарантиноның «Криминальное чтиво» фильмін шығарды. Сосын, «Английский пациент», «Крик», «Умница Уилл Хантинг»,  «Джеки Браун» «Влюбленный Шекспир»,  сериал  «Клерки»,  «Очень страшное кино»,  «Шоколад»,  «Кейт и  Лео»,  «Властелин  колец»,  «Убить Билла» шықты.

2005 Вайнштейндер «Miramax» кетті және Родригес пен  Тарантиноны шақырып, The Weinstein Company негізін қалады. Осы жылы  прокатқа Харвимен продюсерленген -  «Пиранья 3D» және  «Четыре   рыцаря» - екі лентасы шығады. Келесі жылы  бізді төртінші «Крик» және «Дети  шпионов  4:  Армагеддон» күтеді. Сонымен қатар, тарантино  дилогиясын жалғастыру жоспарында - «Убить Билла».
Алғашқы «ASTANА» Халықаралық action-фильмдер фестивалінде, Харви  Вайнштейнге ретроспектива арналады.  «Вайнштейн аумағы» бағдарлама аясында көрсетіледі:  «Убить Билла» дилогиясы (2003-2004), «Планета страха» (2007), «Доказательство смерти» (2007) және «Город грехов» (2005).

Сондай-ақ, фестивальда   Харви  Вайнштейн  «Шанхай» лентасын ұсынады. Бұл - режиссер  Микаэль   Хафстремнің тарихи драмасы, онда американдық Перл Харбор жайында әңгімеленеді, ол бомбылағанға төрт ай бұрын жапондықтармен басып алынған Шанхайға келіп, досының өлімі туралы естиді. Оны зерттей жүріп, жігіт ғашық та болып, үкіметтік құпияны ашып та үлгереді. Картинадағы басты рөльдерді  Джон Кьюсак, Джеффри Дин Морган мен Франк  Потенте сомдады.

Кинофестивальдің Бас серіктесі - «Казкоммерцбанк» АҚ

Бас ақпараттық серіктес - "ЕВРАЗИЯ" бірінші арнасы

Кинофестивальдің ресми байланысы -  Т «КаР-Тел/ТМ BEELINE» ЖШС.

Баспасөз қызметі өз тарапынан журналистерге Фестиваль шараларына байланысты барлық ақпаратты ұсынуға дайын.

 

Құрметпен,
“ASTANA» Халықаралық экшн-фильмдер

кинофестивалінің баспасөз-орталығы,
+ 7 701 930 23 61,
+ 7 701 930 23 68,
+ 7 701 930 23 67,
Осы e-mail мекенжайы спам-боттардан қорғалған,

оны қарау үшін Сізде Javascript қосылуы тиіс
astanafestival.kz

→ Толығырақ: Харви Вайнштейн, баспасөз-релиз 28.06.2010

 

27.06.2010 баспасөз-релиз

Құрметті достар,

2010 жылғы 27 маусым күні сағат 10.00 «Қазақстан» Орталық концерттік залының үлкен конференц-залында жаңа “ASTANA” Халықаралық экшн-фильмдер кинофестивалінің ұйымдастырушыларымен баспасөз-конференция өтеді.

Кинофестиваль Президентіне, танымал режиссер және продюсер Тимур Бекмамбетовке, кинофестиваль идеясының ортақ авторы, William Morris Agency WME агенттігінің продюсері Майк Симпсонға және кинофестивальдің Бас директоры Ирен Ванидовскаяға өз сауалдарыңызды қоя аласыздар. Сондай-ақ, баспасөз конференциясына  кинофестивальдің Бас серіктесі - "Казкоммерцбанк" АҚ PR-департаментінің директоры Лариса Коковинец қатысады.

Фестиваль 2010 жылғы 27 маусымда басталады, Фестивальдің Ресми ашылу салтанаты 2010 жылғы 28 маусымда сағат 18.00 өтеді. Фестивальдің ашылу және жабылу салтанаты Астана қаласы, Орынбор к-сі, 10/1-үй мекенжайында орналасқан «Қазақстан» Орталық киноконцерт залында өтеді.

Жыл сайынғы “ASTANA” Халықаралық экшн-фильмдер кинофестивалі -  «Bazelevs» компаниясының және Астана әкімдігінің ортақ жобасы. Шараның идеясы Тимур Бекмамбетовтың («Bazelevs») және продюсер Майк Симпсонның (William Morris Agency Llc, USA) Қазақстан астанасына келуі барысында туындады және Астана қаласының Әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың қолдауымен шындыққа айналды.

Кинофестивальдің Бас серіктесі - «Казкоммерцбанк» АҚ

Бас ақпараттық серіктес - "ЕВРАЗИЯ" бірінші арнасы

Кинофестивальдің ресми байланысы -  Т «КаР-Тел/ТМ BEELINE» ЖШС.

 

Қазақстан астанасының туылған күні қарсаңында ұйымдастырушылар Республика жүрегіне әлем кино жұлдыздарын, әйгілі актерлерді, режиссерлерді, мәдениет және өнер қайраткерлерін, продюсерлерді және әлеуетті инвесторларды жинайтын нағыз кино мерекесін сыйламақ.

«ASTANA» Халықаралық экшн-фильмдер фестивалі жыл сайынғы мереке ретінде ойластырылған. Осы жылы Фестиваль алғаш рет өткізіледі, қазылар алқасының жұмысы жоспарланбаған. Бұл Фестиваль қонақтарына Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан астанасын көрсетудің, сонымен қатар әлемде pjh сұранысқа ие «экшн» стиліндегі үздік фильмдерді ұсынудың керемет мүмкіндігі. Сондай-ақ, Кинофестиваль Қазақстан аумағынан тыс киноөнімдерді және қазақстандық фильмдерді дистрибьюциялау нарығы бойынша инвесторлар мен қарқынды дамушы серіктестермен қарым-қатынаста болу, оларды іздестіру алаңы атануы тиіс.

Фестивальдің ресми бағдарламасы АҚШ, Еуропа, Азия және ТМД елдерінің 20 толық метражды ойын картиналарын конкурстан тыс көрсету болып табылады. Бес күн бойы көрермендер танымал фильмдерді, жыл киножаңалықтарының премьераға дейінгі көрсетілімдерін көре алады.

Фестиваль аясында біріккен киножобаларды құру мәселелері бойынша голливуд және азия (Қазақстан, Оңтүстік Корея, Қытай) продюсерлерінің қатысуымен Дөңгелек үстел өткізіледі.

Баспасөз қызметі өз тарапынан журналисттерге Фестиваль шараларына байланысты барлық ақпаратты ұсынуға дайын.

→ Толығырақ: 27.06.2010 баспасөз-релиз

 

“ASTANA” Халықаралық Экшн-Фильмдер кинофестивалінің серіктестері

"Казкоммерцбанк" АҚ – Бас серіктес
"Евразия" Бірінші арнасы– Бас ақпараттық серіктес
"КаР-Тел" / ТМ Beeline ЖШС – Ресми байланыс
"VILED" Компаниясы
"Бархат" мейрамханасы
"La ' Riviere" мейрамханасы
VINCO Энотека  және BIBLIOTHEQUE мейрамханасы
Отель "Rixos President Astana"

"Каспиан Индастриас" вода "Vita" Компаниясы
Aigul Kassymova studio
Actual Оptic Компаниясы 
Amore Jewellery Компаниясы

"Kazakhstany Jewellery Factory" Зергерлік Компаниясы 
"Nails Club" Имидж Студиясы
"Меломан" Компаниясы
KINOPARK ұлттық кинотеатрлар желісі
"Казакстан Темір Жолы" Ұлттық компаниясы» АҚ
"Nescafe Gold" ТМ 
"Сентрас Иншуранс" – Ресми сақтандыру компаниясы
Фестивальді құқықтық қолдайтын"Unicorn Company" Заң фирмасы

TORNADO



АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕТІНДЕР:

"Hit TV" Ұлттық музыкалық телеарнасы

"KAZNET Media" Компаниясы - web-әзірлеуші - Ресми интернет серіктес

"Tauport.kz" ақпараттық ойын-сауық порталы

"e-city" электрондық анықтама-картасы

Zakon.kz ақпараттық порталы

"СЕЗОН" Журналы

"TimeOut Алматы плюс Астана" Қаланың үздік ойын-сауық орталықтары

"VINTAGE" Көрнекі журналы

"JADO" Сән үйі, журнал 

"Мир путешествий" Журналы 

"КиновидеоБизнес" Журналы 

"Personal Shopping" Журналы

"ИZЮМ" Журналы

→ Толығырақ: “ASTANA” Халықаралық Экшн-Фильмдер кинофестивалінің серіктестері

 

Баспасөз–конференциясы, 10.06.2010

      2010 жылдың 10 маусымында Халықаралық «Бәйтерек» медиаорталығында Халықаралық «Astana» экшн-фильмдер фестивалінің алғашқы баспасөз қызметі өтті. Баспасөз қызметіне фестивальдің Бас директоры Ирен Ванидовская және «Қазақстан» Орталық концерт залының Бас директоры Салтанат Сейдімбек қатысты.

→ Толығырақ: Баспасөз–конференциясы, 10.06.2010

 

БАҚ үшін ақпарат

      Қымбатты достар,
      2010 жылдың 27 маусымынан 1 шілдесіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында жаңа жылсайынғы  “ASTANA” Халықаралық экшн-фильмдер кинофестивалі болады.

      Бұл «Bazelevs» компаниясы мен Астана Әкімдігінің бірлескен жобасы.

      Шараны өткізу идеясы Тимур Бекмамбетов («Bazelevs») пен продюсер Майк Симпсонның  (William Morris Endeavor Entertainment, USA) Қазақстанның елордасына келген сапарында туып, Астана Әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың қолдауының арқасында жүзеге асты.

→ Толығырақ: БАҚ үшін ақпарат

 

Bazelevs компаниясы туралы ақпарат

      1991 жылы Вazelevs компаниясының негізін режиссер әрі продюсер Тимур Бекмамбетов қалады. Бұл компания  жарнамалық бейнематериалдар мен қатар кинофильмдер түсірумен айналысады. Солардың ішінде ресейлік кассалық жинақ бойынша ірі табысқа ие болған "Ночной Дозор", "Дневной Дозор", "Ирония Судьбы. Продолжение", «Особо Опасен», «Черная молния» атты фильмдер.

      Кәсіптік бағыты: киноөндірістің барлық жүйесі – продюсерлеу, ең үздік отандық және шет елдік мамандарды тарту, түсірілімге лайық көрініс таңдау, кастинг, Ресей мен шет елдерде түсірілімді толықтай техникамен қамтамасыз ету, түсірілімнен кейінгі қызметтің барлық түрі: монтаж, дыбыстандыру, компьютерлік графика және анимация, кино мен бейнеге лайықталған заманауи әсірелеу құралдары.

→ Толығырақ: Bazelevs компаниясы туралы ақпарат

 
 

accred