home1 map1 Кері байланыс
bazelevs astana

«Қазақстан» Орталық концерт залы

      Астана қаласының жаңа әкімшілік орталығында өзіндік сәулеттілігімен және акустикалық сипаттамасымен ерекшеленген, үш мың бес жүз орынға лайықталған Орталық «Қазақстан» концерт залының ғимараты орын тапқан.
Көркемдік көлемімен және заманауи құрылыстық әдістеменің арқасында «Қазақстан» Орталық концерт залы Президент Резеденциясымен, Сенат және Мәжіліс ғимараты тамаша үйлесім тапқан.

      Сыйымдылығы жағынан үш мың бес жүз он екі шаршы метр аумақты қамтыған концерт залы симфоникалық және камералық музыка концерттерін,  сауық кештері мен опера және балет театр қойылымдарын, кино көрсетілімдерін, сондай-ақ саяси іс-шараларды ұйымдастыруға лайықталған, әлем бойынша ең үлкен ғимарат болып табылады.
Идея авторы ретінде Манфреди Николетти танылған. Құрылыстың табиғи принциптерімен әлемге аты мәшһүр болған Манфреди Николетти бүгінгі күні сұранысқа ие авангардтты жабалаушылардың бірі.

      Николлетидің жобасы бойынша құрылған «Қазақстан» концерт залын мәртебесі бойынша Сидней қаласындағы австралиялық опера театрының зәулім ғимаратымен теңестіруде. Осы тәрізді қайталанбас жоба бүгінгі күні ТМД елдері бойынша жоқ. Сонымен қатар, «Қзақстан» Орталық концерт залы Қазақстан Республикасындағы ең үздік ғимарат.
Отыз сегіз мың алты жүз шарты метр аумағы бар ғимараттың құрылысына 28 миллиард теңге (187 миллион АҚШ доллары) жұмсалды. 

      Бұл зәулім ғимарат 2970 шаршы метр аумақты қамтып, соның ішінде 3 көріністі лифті (әр қайсысының жүк көтерерлік салмағы 630 кг.), 4500 орындық гардеробты, сатылымға эксклюзивті тауарлар ұсынатын 8 бутиктер мен заманауи техникамен жабдықталған 200 және 400 орындық 2 конференц-залдарымен қатар, тамақтану орталықтарын, соның ішінде: 80 орындық мейрамхана, 200 орындық дәмхана, 35 орындық домалақ бар және 50 орындық ұлттық нақышта, домбыра пішінді дәмханалары үйлесімді орналасқан пьяцца-фойесімен ерекшеленеді.

      Домбыра пішінді ғимараттың бұл бөлігіне аса мән берілген. Арнайы желкен тәрізді құрылыстық құрылымдар арқылы атриум жасалып, сыртқы  қала әбігерлігінен оқшауланған. 

      Ғимараттың іші мен сырты түгелдей үнжаңғырықты сақтап қалу мақсатында  арнайы ағашпен қапталған. Тіпті бұл ғимараттың едені де арнайы дыбыс өткізбейтін төсенішпен қапталған.

      Бұл ғимарат құрылымының әрбір бөлшегі тыңғылықты қадағаланып, заманауи технологиялармен жабдықталған. Аса назар аударар мақтаныш ретінде көпфункционалды,  дистанциялық пульт арқылы жұмыс істейтін сахнаны айтуға болады.  Сахнаның аумағы 274 шаршы метрды құрайды.

       Сахнаның алдыңғы қатарында оркестрлік шұңқыр орналасқан. Түсіп-шығу ұзақтығы 4 минутты құрайтын бұл  оркестрлік шұңқырдың тереңдігі 4,5 метр және де оркестрдің өзіндік шығу есігі де қарастырылған.
Ал сахнаның артқы бөлігі арнайы хор топтарына бейімделген. Ол өз алдына  дистанциялық пультпен басқарудың арқасында 2 метр биіктікке дейін көтерілетін 7 хор баспалдағынан құралған.

       Сонымен қатар, бұл зал түрлі кино және бейне материалдар көрсетілімдерін ұйымдастыруға қолайлы. Себібі зал 14/8 көлемді,  кез келген дыбысталу мен бейнелеу форматымен жүзеге асатын және Blue Ray соңғы үлгідегі бейнені көрсететін кеңформатты экранмен жасақталған.

      Blue Ray – бұл DVD  форматынан кейінгі бейненің жазылуы мен дыбысталуы жағынан жоғары сапалы бейне форматтың соңғы үлгісі.
      Он бес американкада орналасқан люкс дәрежесіндегі жарық қондырғылары ең озық идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
      Сахнаның  үстіңгі бөлігінің дәл ортасында америкалық «Ренкус Хайнс» фирмасының  25 киловаттық дыбыстық кластер орналасқан. «Ренкус Хайнс» дыбыстық қондырғылар саласындағы әлемдік бойынша көшбасшы  компания. Бұл  маркалы қондырғылар тек «Қазақстан» концерттік залда орналасқан.

      Қабырғаларға назар аударар болсақ, арнайы акустикалық әсерлеу қызметін атқаратын қабырғалық перделерді көруге болады. Перделерді басқару осы бағдарламаға негізделген арнайы компьютер арқылы жүзеге асады. Тіпті, залдағы креслолардың өзінде төменгі бөліктері акустикалық қосымшалармен жабдықталған.   

     Айта кетер жәйт, атриумның қолайлығы кеңістік көрінісін әлдеқайда кішірейтумен ерекшеленеді. Бұл көрініс залдың жоғарғы бөлігінде орналасқан галереяны аспалы перделермен қаптаудың арқасында жүзеге асуда. Және де үшінші қабаттың бірнеше секторлары- балконның қапталуымен ерекшеленеді. Нәтижесінде үш жарым мың орынға арналған зал оңайлықпен екі мың орындық залға кішірею мүмкіндігіне ие болады.
       Аталған бұл жобаның құрылысы елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асты. Алғысымыз бен ілтипатымызды білдіре отырып, елбасының мәдениет саласының дамуына ерекше  назар аударуының арқасында елімізде  «Қазақстан» орталық концерт залы тәрізді ерекше, қайталанбас құрылыс жобаларының  бой көтеруі қуантарлық жайт екендігін атап өткен жөн.

 

accred