home1 map1 Кері байланыс
bazelevs astana

ФЕСТИВАЛЬДІҢ БАСТАЛУЫНА ДЕЙІН 00 00 00 00

Мониторинг 25.03.2011

Курсивъ газеті: Бекмамбетов Қазақстанда идеялар іздейді

Caspionet: Қазақстанда Тимур Бекмамбетовтің сценарийлер конкурсы жарияланды


«Хабар» телеарнасы
http://www.khabar.kz
24.03.2011 06:47
Қазақстанда Тимур Бекмамбетовтің сценарийлер конкурсы жарияланды

Қазақстанда режиссер және продюсер Тимур Бекмамбетовпен бастама жасалған сценарийлер конкурсы жарияланды. Көрермендерге ол «Ночной дозор» және «Дневной дозор» фильмдері арқылы танылған.
Бүгін, Алматыда ұйымдастырушылармен жарияланғандай конкурстың мақсаты – дарынды және мақсатты режиссерлерді, продюсерлерді және сценарийшілерді іздеу және осылайша Қазақстанда киноиндустрияны дамытуға ықпал ету.

Оқиға мәнісіне қазақстандықтардың сүйіктісі Фара, жас актриса Асель Сагатова сияқты экрандағы танымал тұлғалар әр берді. Кино әлеміне сүңгіп кеткендей боласың. Ұйымдастырушылардың ойлары бойынша, олар конкурсқа қатысу процедурасын барынша жеңілдетуге тырысқан. Өтінімді беру үшін үміткерлерге бар болғаны екі құжат – сценарий өтінімін және қысқаша биографияны ұсынады. Жасқа шектеу қойылмайды. Тақырыптар да әртүрлі.

Осы конкурс «Астана» халықаралық экшн-фильмдер кинофестивалінің аясында екінші рет өткізіледі. Шынында, бірінші конкурста қазақстандықтар қатысқан жоқ - дайындыққа уақыт жетпеді. Осыған байланысты, шетелдік дарындылар белсенді ат салысты. Өткен жылғы конкурс жеңімпазы «Аполло 18» фильмінің жобасымен жас американдық Брайн Миллер атанды. Міне, бар болғаны бір жылдың ішінде оның арманы орындалды. Ол жақын арада үлкен экранға шығатын фильм түсірді және Астанадағы шілденің басында ІІ Халықаралық экшн-фильмдер кинофестивалінде көрсетіледі. Ал, бүгін журналисттерге осы жұмыстың фраменттері көрсетіледі.

Биылғы конкурсқа өтінімдер 1 мамырға дейін қабылданады. Қазылар алқасының мүшелері арасында – әлемнің жетекші кино қайраткерлері бар.

Ирен Ванидовская, «АСТАНА»: экшн-фильмдер фестивалінің Бас директоры:
- Бірнеше апта ішінде, біз 5 үздік сценарийлерді қарап шығамыз, оның төртеуі – бүкіл әлем бойынша, біреуі – Қазақстаннан болады. Мүмкін, Қазақстаннан көп таңдап алынуы мүмкін. Әзірге, біз ештеңе білмейміз, қазірден бастап оларды кинофестивальге шақырып жатырмыз және онда біздің барлық продюсерлер жеңімпаздарды анықтайды. Жобаны іске асыруға мүмкіндік береміз, яғни ақшалай баламалы мүмкіндік ұсынамыз.
Биылғы қатысушылардың арасында Ресей, АҚШ, Франция, Англия, Испания сияқты әлемдегі негізгі киномектептердің сценарийшілері бар. Қазақстандықтар үшін осы жағынан еркіндік ұсынылған. Олар тіпті, суретшілер де болуы мүмкін.

Ирен Ванидовская, «АСТАНА»: экшн-фильмдер фестивалінің Бас директоры:
- Біз, осыған дейін жылдар бойы сақталған сценарийлерді жинадық, қазір, оларды қарауға дайынбыз.
Жеңіске жеткен жағдайда, Сіздің әлемнің жетекші продюсерлерімен фильм түсіру арманыңыз орындалуы, әбден мүмкін.


«Қазақстан» телеарнасы
http://kaztrk.kz

Тимур Бекмамбетов қазақстандықтарға үлкен кино әлеміне есік ашады. Бүгін, Алматыда қазақстандық режиссерлер кинокомпаниясы Үздік сценарий конкурсының ашылуын жариялады. Бүгіннен бастап 1 мамырға дейін, кез келген ниет білдірушілер кинокомпанияның пошталық мекенжайына өзінің фильм сценарийін жібере алады.
Осыдан кейін, екі аптаның ішінде құрамында қазақстандық және голливуд актерлері бар қазылар алқасы ұнаған сценарийді таңдап алады, кинокартинаның түсірілімін ұйымдастыруға және үлкен экранға шығуына көмектеседі. Сондай-ақ, белсенді қатысушыларға кинокомпанияның қаражаты есебінен Мәскеуде кино өнері бойынша білім алуына және Тимур Бекмамбетов картиналарының жұмысына белсенді қатысуына мүмкіндік беріледі.

Барлық қызықтырған тұлғалар үшін толық ақпарат astanafestival.kz сайтында ұсынылған.

Ирэн Ванидовская, Қазақстандағы кинокомпанияның ресми өкілі
Қызығушылық бар, фестиваль штабына да көптеген қоңыраулар түсіп жатыр, жақсы үміттеріміз алда - деп ойлаймын. Біз, осы күнге дейін жылдар бойы сақталған сценарийлерді жинадық, қазір, оларды қарауға дайынбыз.

Асель Сагатова, актриса
Бұл - біздің сценарийшілерге ұсынылған үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Себебі, көптеген сценарийшілердің идеялары бар, ал кейбіреулерінде ол тіпті, іске асырылмаған, оны қалай іске асыруға білмейтін жобалары болуы мүмкін. Осындай адамдар үшін бұл үлкен мүмкіндік.



Artparovoz Интернет порталы: жаңалық және анонс.

Tengrinews: жаңалық  және анонс

ҚазАқпарат: жаңалық

thenews.kz Қазақстандық жаңалықтар агрегаторы: жаңалық және анонс

Наша Агаша. Қазақстан жаңалықтары. Цензурасыз: анонс

bnews.kz: анонс

vesti.kz: анонс

Gazeta.kz: анонс

Азбука.kz ақпараттық-ағарту порталы: анонс

АРО: анонс

ca-news.org орталық-азиялық жаңалықтар қызметі: жаңалық

Хабар: жаңалық

Caspionet: жаңалық

Хит ТВ: жаңалық теледидардан 24.03.11 көрсетілген, сайтта қазірше жоқ.

Алматы телеарнасы: жаңалық 

Қазақстан телеарнасы: жаңалық

Стан ТВ: 24.03.11 ЗКТ+СНХ жаңалықтарда болған, сайтқа шығарылмаған.

vseprokino.kz: жаңалық

ТАҢ: жаңалық шыққан, бірақ телеарнаның сайты болмағандықтан, жаңалық тек теледидардан ғана көрсетілген.

«Литер» газеті: жаңалық

Новости-Казахстан АА: жаңалық

Антенна газеті : жаңалық

Курсивъ газеті: новостная статья

«Панорама» газеті: жаңалық

i-news.kz: жаңалық

news.ivest.kz: жаңалық

Болашақ сайты: ҚазАқпараттан алынған жаңалық


 

accred