home1 map1 Кері байланыс
bazelevs astana

ФЕСТИВАЛЬДІҢ БАСТАЛУЫНА ДЕЙІН 00 00 00 00

«Бейбітшілік және Келісім Сарайы»

«Бейбітшілік және Келісім Сарайы» — Қазақстан астанасы Астанада бүкіл әлемге әйгілі сәулетші сэр Норман Фостермен салынған пирамида. Сарай 2006 жылы «Бейбітшілік және дәстүрлі дін көшбасшыларының конгресін» өткізу үшін арнайы салынған. Сарайдың 1500 орынды Концерттік залы Монтсеррат Кабальемен ашылды. 
Ал ауданы 2 мың ш. м. астам және оған түйісетін 4 галереядан тұратын «Хеопс Атриум» мрамор залы біруақытта 1000 қонақты күтіп алуға дайын.
«Бейбітшілік және Келісім Сарайы» — Астананың назар аударарлық орны. Пирамида әртүрлі діндердің, этностар мен мәдениеттің бірлік белгісі, халық пен елдің ашықтық белгісі болды. «Бейбітшілік және Келісім Сарайын» салу ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтің идеясы.

Бүгін, «Бейбітшілік және Келісім Сарайы» — бұл заманауи жабдықтармен жабдықталған конференц-залдар және көрме аймақтары, көркем сурет галереялары, таныстыру кешендері және басқалар. 
Сарайда «Кұланшы» заманауи өнер орталығы және «Шежіре» галереясы орналасқан . Онда Қазақстан, жақын және шалғай орналасқан шетел суретшілерінің көрмелері және шығармашылық кештері өтеді. Құрылысты ашылатын үлкен әйнекті күмбез біріктіреді.

 

accred