bazelevs astana

Қазақстан

Еуразия жүрегі

Қазақстан Республикасы – Еуропа мен Азия қос континенттерінің тоғысының солтүстік жарты шарында орналасқан. Жер көлемі бойынша Қазақстан Ресей, Қытай, АҚШ, Бразилия, Канада, Үндістаннан кейінгі әлемде 9-шы орында тұр. Қазақстан Ресей, Қытай, Қырғызстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдерімен шекаралас.

Қазақстан Президенттік басқарудағы зайырлы, демократиялы, басты назарда адам және оның өмірі, оның құқықтары мен бостандығын ескеретін құқықты және әлеуметтік біртұтас мемлекет.

Қазақстандағы Мемлекеттік билік бірыңғай болып табылады және оның құрамына Парламентпен жүзеге асатын заңшығарушы билік, Орталық орган мен жергілікті органдардан, мемелекеттік сот қарамағында қызмет ететін сот билігінен тұратын Үкіметтің атқарушы билігі кіреді. Мемлекет билігінің негізгі тұғыры халық болып табылады.
Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларының ішінен аса жоғары бағалап, сөз ететін жайт ядролық қаруды тоқтату мен қарусыздандыру.

Қазақстан ядролық қаруды қолданудан өз еркімен бас тартқан бірінші мемлекет. 1991 жылы 29 тамызда Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз жарлығымен әлемдегі екінші ірі Семей полигонын жапқызды. Ядролық қарусыз әлемге қадам басуын Қазақстан әлемнің төртінші ракета-ядролық арсеналдан бас тартқанымен дәлелдеді. Содан бері Қазақстан қарусыздандыру принципімен дамып келеді. Қазақстанның бастамасы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясының ядролық сынақтарға қарсы күні ретінде танылды. 2010 жылдың 1 қаңтар күні Қазақстан мемлекеті ҰҚЫҰ төраға ретінде жарияланды.

Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы.

Алматы қаласының Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументі Шарын каньоны Медеу мұзайдыны

Қазақстан жерінің басым бөлігін оңтүстік шығыс пен шығыс аумағын қамтыған таулармен қоршалған жазық дала құрайды. Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасындағы таулардың биіктігі теңіз деңгейінде 5000 метрге жетеді. Мемлекеттің солтүстігі Батыс Сібірдің оң жақтағы жазық даласымен шектессе, орталығы – Қазақстан құмдауыты өңірі оңтүстік – шығыс жағалауы мен шығыс жерінде Алтай, Тянь-Шань, Тарбағатай таулары орналасқан.

Қазақстан территориясы екі ірі көшпелі және отырықшы мәдениетерінің тоғысында орналасқан. Бұл жерде алуан түрлі мәдениет пен көптеген ұлт өкілдерінің рухани және тарихи ескерткіштердің қалыптасқан орталығы. Ежелгі және заманауи өркениеттің байлығы мен алауан түрлілігімен мақтан тұтады.

Бүгінгі күні Қазақстанның мәдени мұрасы 35 мыңнан аса жылжымалы ескерткіштер мен археологиялық сәулет құрылымдарымен мақтан тұтады. Екі ірі бірегей ескерткіштер – Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі мен Тамғалы тас археологиялық кешені – ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралары тізіміне енді. Аталған тізімге ену мүмкіндігі ежелгі Отырар қаласында да бар. Ұлы Жібек жолының басым бөлігі де осы Қазақстан жерінен өткен. Дегенмен де Қазақстан ашық аспандағы мұражай ғана емес, сонымен қатар тамаша табиғи байлықтарымен ерекшеленеді, соның ішінде аңыздармен Бурабай көлі, Іле Алатауы мен Шарын өзенінің айбынды каньондары.

Бұл елдің табиғи ерекшеліктері континентальді. Орташа температура қаңтар айында -19 дан -4 градусқа дейін болса, шілде айындағы орташа температура - +30С.

Қазақстан Республикасы сан алуан биологиялық бай ландшафтымен ерекшеленеді. Табиғи аймақтары солтүстік шөл даладан Альпы шалғындары тау шыңындағы мәңгілік қармен жалғасын табады.

Қазақстанда 8,5 мың үлкен және кіші өзендер бар. Қазақстанның ірі өзендері Каспий теңізіне құятын Ора мен Ембі және Арал теңізіне құятын Сырдария. Ертіс, Есіл,Тобыл өзендері Республика жерін қиып өтіп, Солтүстік мұз айдына құяды. Қазақстанда шамамен 48 000 үлкен және кіші көлдер бар. Олардың ішінде ең үлкендері – Арал, Балқаш, Зайсан, Теңіз, Селентеңіз. Қазақстан аумағына әлемдегі ең үлкен көл Каспийдің басым бөлігі кіреді.

Сонымен қатар, Қазақстанның жануарлар әлемі де таң қаларлықтай. Жазира далада құлан мен жайранды кездестірсең, таудың шыңында бары кездеседі. Тіпті бұл жануар Қазақстанның символы ретінде танылған. Қазақстан халқы бұл жыртқыш аңды әрдайым қайратты да күшті аң ретінде құрметтеген. Сымбатты да сұлу жыртқыш құзға шығушы және оның сүйікті мекені таудың шыңы.

Қазақстанның хайуанаттар дүниесі де алуан түрлі суырлар мен сілеусін, қоңыр тянь-шань аюлары, үстірт жабайы қойлар, аққулар және көптеген сирек кездесетін құстың түрлері бар. Өсімдік әлемі де алуан түрлі, оның дәлелі 5754 түрлі өсімдіктер. Қазақстанда 10 қорық, 8 ұлттық саябақтар, табиғи сақтау қорлары мен 3 табиғи саябақ бар.

Қазақстанды айта отырып, пайдалы қазбалардың қорын айтпай кету мүмкін емес. Бұл жерде минералдардың үлкен қоры жиналған шамамен 6000 кен орындары. Бұл елдің жер қойнауында Менделеев кестесінің 99 элементі кездеседі, ал мұнай қоры жағынан әлем бойынша жасалған тізімнің ондығына кіреді. Уран шығару жағынан 2-ші орынды алса, алтын қоры бойыша әлем бойынша 6-шы орында.

Іле Алатау тау жотасы Бурабай көліндегі Жұмбақтас жартасы Әнші бархан. «Алтынемел» ұлттық табиғи паркі

Қазақстан халқы 16 млн асады. Сонымен қатар бұл жерді өз мәдениетін, тілі мен дінін сақтай отырып 130 ұлт өкілдері Қазақстанда өз Отандарын тапты. Солардың ішінен ірі этникалық топтардың ішіне - қазақтар, орыстар, немістер, өзбектер, украиндықтар бар.

Қазақстан – көпконфессионалды ел. Бұл жерде 3000-ға жуық діни ұйымдар бар. 40 конфесияның бағыты бойынша 2500 сәулет ғимараты орналасқан. Республиканың негізгі діни бағыты ислам дінінің сүннет тармағы. Республикада 9 млн. адам 24 ұлт өкілінен ислам дінін ұстанады. Қазақстанда дін жолын ұстанғандардың ішінен 2 орында тұрған Провославты орыс шіркеуі. Діннің провославты бағытын қазақстанның 30 пайыз халқы ұстанады.

Қазақстанның мемлекеттік тілі түркі тектес тілдердің қатарына жататын қазақ тілі. Мемлекеттік мекемелерде және жергілікті басқару орындарында қазақ тілі мен қатар, ресми тіл ретінде орыс тілі қолданылады. Әр адам өзі тілін таңдай отырып, тілдесу, оқу және жұмыс үшін қалаған тілін таңдауға хұқылы.

Қазақтар өте қонақжай халық. Қонақпен қатар үлкендерге деген құрмет пен ілтипат, төзімділік пен ынтымақтық сезім әрбір қазақтын бойына ана сүтімен беріледі десек, артық айтқандық емес. Сол себептен қазақ жерінде еш уақытта ұлт бөлінушілік пен діни қақтығыстар болған емес.

Қазақстанның 60 пайызы урбанизацияланған. Орталық Азия бойынша кең ауқымда кенттелген мемлекеттің бірі - Қазақстан. Тұрғындардың ең көп қоныстанған мекені - Алматы қаласы. Алматы қаласының халқы 1,5 млн. тұрғынды құрайды. Алматы Іле Алатауының баурайында орналасқан Қазақстанның ең көрікті қалаларының бірі. Алматының төңірегінде аты әлемге мәшһүр болған «Медеу» мұз айдыны орналасқан. Аталған мұз айдынында 120-дан аса коньки жүгірісінен әлемдік рекордттар жасалған қасиетті орын. Және де спорттық таулы Шымбұлақ аймағы техникалық сипаттамасы бойынша Еуроппаның алдыңғы қатарлы трассаларынан еш бір кем түспейді.

 
v pills elektronik sigara