home1 map1 Кері байланыс
bazelevs astana

2011 Фестиваль туралы

2011 жылғы 1 шілдеден 5 шілдеге дейін Қазақстан астанасы - Астанада Тимур Бекмамбетовпен ұйымдастырылған екінші жыл сайынғы "ASTANA" Халықаралық экшн-фильмдер кинофестивалі өтеді.

Фестиваль Қазақстан астанасының туылған күнінде өтеді. Ұйымдастырушылар қазақстандықтарға нағыз кино мерекесін сыйлайды, Астана әлемдік кино жұлдыздарын, әйгілі актерлерді, режиссерлерді, мәдениет және өнер қайраткерлерін, продюсерлерді және әлеуетті инвесторларды жинайды. Кинофестиваль - Фестиваль қонақтарына "экшн" стилінде үздік фильмдерді ұсынумен қатар, Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан астанасын көрсетудің ең тамаша мүмкіндігі. Бүгінгі күні, динамикалық сюжеттері бар фильмдер әлемдегі талап етімді фильмдердің бірі.

Фестивальдің ресми бағдарламасы АҚШ, Еуропа елдерінің, Азия және ТМД елдерінің 20 толық метражды ойын картиналарын конкурстан тыс көрсету болып табылады. Бес күннің ішінде көрермендер танымал фильмдерді көре алады, жылдың кино жаңалықтарының премьераға дейінгі көрсетілімдеріне қатыса алады.

Фестивальдің ашылу рәсімі «Бейбітшілік және Келісім Сарайында» өтеді.

"ASTANA" Халықаралық экшн-фильмдер кинофестивалінің Президенті - Тимур Бекмамбетов.

Кинофестивальдің Бас директоры -  Ирен Ванидовская.